Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
ЖШС «Мерейжан» бөбекжай балабақшасының филиалы
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Шеңгелді ауылы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07 қарашадағы №1632 бұйрығы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын жүргізу үшін мынадай құрамда балабақшаны өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 05 қаңтар 2026 жылғы № 01 бұйрығымен құрылды:
Аттестаттау комиссиясының құрамы
-
1
Комиссия төрайымы
Г.С. Умирбаева
Балабақша меңгерушісі
-
2
Комиссия мүшесі
Г.С. Умирбаева
Балабақша әдіскері
-
3
Комиссия мүшесі
З.К. Кеншинбаева
Балабақша тәрбиешісі
-
4
Комиссия мүшесі
А.А. Тажибаева
Балабақша тәрбиешісі
-
5
Комиссия мүшесі
Н.С. Ибрагимова
Балабақша медбикесі
Өзін-өзі бағалау іс-жоспары түзілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бағаланатын кезеңдерге сәйкес талдау жасалатын құжаттар дайындалды және олардың барлығының көшірмелері түпнұсқадан сканерленген ПДФ форматталған файлдарға салынды және балабақшаның ресми сайтына жүктелді.
ЖШС «Мерейжан» бөбекжай балабақшасының филиалы екі жыл және ағымдағы жылдың қазан айына дейінгі оқу-процесін зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау қорытындысын ұсынады.
1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Ақпараттық анықтама
«Мерейжан» · филиал| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы білім бөлімінің ЖШС «Мерейжан» бөбекжай балабақшасының филиалы |
| 2 | Орналасқан жері | Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округі, Шеңгелді ауылы, Т.Надиров №10 үй |
| 3 | Байланыс деректері | 📞 87719695002 ✉️ merejzhan2.balabasha@bk.ru 🌐 mereijan2015.edu.kz |
| 4 | Заңды тұлға өкілі (басшы) | Умирбаева Гулзина Сейтжаппаровна — құрылтайшының шешімі бойынша 2017 жылғы 14 наурыздағы №01 бұйрықпен тағайындалған |
| 5 | Мемлекеттік тіркеу | Заңды тұлға мемлекеттік қайта тіркеуден 17 қаңтар 2018 жылы өткен. БИН: 151141024256 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары | Қызметтің басталғаны туралы хабарлама: 06.03.2019 ж. №KZ46RVK00019544 Лицензия №24028756 11.09.2024 ж. №Х.08.Х.KZ24VWF00213417 |
| 7 | Құрылған жылы | 2015 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік үлгіде |
| 9 | Топтар саны | 3 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік · 08:00 – 18:30 (10,5 сағат) |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым |
| 13 | МДҰ-ның жобалық әлеуеті | 70 балаға арналған. Қазіргі таңда 70 тәрбиеленуші |
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 70 орындық, қазіргі таңда 70 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-ден бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 70 тәрбиеленуші 3 топқа: «Аяла» кіші тобына, «Балдырған» ортаңғы тобына, «Көгершін» ересек тобына бөлінген. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, консультациялық пункт, психолог, логопед кабинеттері, думан залы, спорт залы, медкабинет, асхана, қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Түркістан облысының полиция департаменті Жедел басқару бейнебақылау камераларына интеграция жасалған (15.09.2025 ж.). Домофон орнатылған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал-сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. ағаштар егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы» дамытушы кеңістік орта жасақталған.
Топтар тізімі · 70 тәрбиеленуші, 3 топ
кіші тобы
«Аяла»
ортаңғы тобы
«Балдырған»
ересек тобы
«Көгершін»
💻 Техникалық жабдықтар
- Теледидар 3 дана
- Ноутбук 5 дана
- Принтер 1 дана
Арнайы бөлмелер: меңгеруші кабинеті, әдістемелік кабинет.
🛡 Арнайы бөлмелер мен қауіпсіздік
- 🏢Меңгеруші кабинеті
- 📚Әдістемелік (әдіскер) кабинеті
- 🗣Консультациялық пункт
- 🧠Психолог кабинеті
- 💬Логопед кабинеті
- 🎭Думан залы
- 🏃Спорт залы
- 💊Медициналық кабинет (емшара + оқшаулау бөлмесі)
- 🍲Асхана, қойма, кір жуу блогы
- 🔥Өрт дабылының автоматты хабарлау жүйесі, ішкі дыбыстық хабарлау
- 📹Бейнебақылау (облыс полиция департаментіне интеграция, 15.09.2025)
- 🚪Домофон